Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда республикалық «Таза әлем» тазалық акциясы жалғасын тапты (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 19:00 - 2020/10/14

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyida-respublikalyiq-taza-alem-tazalyiq-aktsiyasyi-zhalgasyin-12601


Бүгін, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Алматы қаласы мешіттері республикалық «Таза әлем» тазалық акциясына қатысты.

 

ҚМДБ-ның Жастар ісі секторы «Рухани келісім күніне» орай ұйымдастырған игі шараға Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай бастаған мешіт имамдары мен дін қызметкерлері, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы, Алматы қаласы Дін істері басқарма басшысының орынбасары Ерғали Көшеке, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Нысаналиев Мирас, мешіттердің ерікті жамағаты мен жастар атсалысып, қаланың көрікті жерлеріне, мешіттер маңы мен түрлі мемлекеттік мекемелерге тазалық жұмыстары жүргізілді.  

 

«Бүгін Алматы қаласы өкілдігі ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына үн қосып, республикалық «Таза әлем» тазалық акциясын өткізді. Осы игі шараға қатысқан жергілікті билік өкілдеріне, мешіт қызметкерлеріне, соның ішінде Жастар ісі секторының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Ермек Көкірбаев бастаған ерікті жастарға үлкен алғыс білдіремін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Алла Тағала – таза және таза болғанды жақсы көреді» деген. Сондықтан, қоршаған орта мен әсем қаламызды таза ұстау, тазалыққа ерекше көңіл бөлу – біздің ең басты міндетіміз», – деп Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай шара барысында өз пікірін білдірді.

 

Сондай-ақ, Алматы қаласы Дін істері басқарма басшысының орынбасары Ерғали Көшеке де айтулы науқанның маңыздылығына тоқталды. Игі шараның басы-қасында жүрген қаланың бас имамы бастаған мешіт қызметкерлеріне, Наурызбай ауданы әкімдігі мен Наурызбай ауданы мешіттеріне және ерікті жастарға алғысын айтты. Қаланы көркейту ісі мен тазалық жұмыстарына атсалысқан Дін басқарманың бастамасына ризалық сезімін жеткізді.

 

Айта кетейік, «Таза әлем» республикалық тазалық акциясына Алматы қаласы бойынша 300-ге жуық ерікті жастар қатысты.

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1280165
Пікірлер

Көрші сілтемелер