Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ІХ республикалық Құран жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы қызу өтуде (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 13:00 - 2020/10/09

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/ih-respublikalyiq-quran-zharyisyinyin-almatyi-qalasyi-boyyinsha-12589


Бүгін, ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен, Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша IX республикалық Құран жарысының Алматы қаласы қаласы бойынша іріктеу сайысы қызу өтуде.

 

«Д.Қонаев» мешітінде өтіп жатқан додалы жарысқа алматылық 26 қари қатысып, өзара бақ сынауда.   

 

Іріктеу сайысының шымылдығын Алматы қаласы «Қайрат» мешітінің ұстазы Серік Ахметов Құран оқумен ашып берді.    

 

Ең алдымен, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай құттықтау сөз сөйлеп, Алматы қаласы бойынша өтіп жатқан Құран жарысының іріктеу сайысының маңызына тоқталып өтті. Сондай-ақ, Құран жарысына қатысушы қариларымызға сәттілік тілеп, төрешілер мен көрермен жамағатқа алғыс білдірді.      

 

Алматы қаласы «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре жарысқа қатысушыларды байқау шарттарымен таныстырып өтті.      

 

Қарилар қоржындағы сандармен белгіленген асықтарды алу арқылы Құран оқу кезектерін анықтады.

 

Сөйтіп, бірінші кезекте қарилар Құранды мәнерлеп оқу номинациясы бойынша сынға түсті. Қазір қарилар Құранның 10, 20, 30 парасын жатқа оқудан бақ сынауда.   

 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі іріктеу сайысы Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын және мәнерлеп оқу сынды 4 номинация бойынша өтуде.

 

Жарыста Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алмалы аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре, Бостандық аудандық «Бәйкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев, Әуезов аудандық «Ақсай» мешітінің бас имамы Бақтияр Қыдырбекұлы және «Қайрат» мешітінің ұстазы Серік Ахметов секілді еліміздің танымал қарилар үміткерлердің Құран оқуын жан-жақты қадағалап, әділ бағасын беруде.

 

Жарыс нәтижесі бүгін мәлім болады.

 

Қариларға сәттілік тілейміз!

 

Құрметті мұсылман бауырлар! Отандастар!

ІХ республикалық Құран жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысын мына сілтемелер арқылы тікелей эфирде тамашалай аласыздар:

 

Azan.kz youtube каналының сілтемесі:

https://www.youtube.com/channel/UC7IRI8eIzB9S8WirSZVZweg/live

 

Azan.kz_1 instagram парақшасының сілтемесі: 

https://www.instagram.com/azan.kz_1/?hl=ru

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1277119
Пікірлер

Көрші сілтемелер