Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ІХ республикалық Құран жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 18:00 - 2020/10/04

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/ih-respublikalyiq-quran-zharyisyinyin-almatyi-qalasyi-boyyinsha-12576


ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі ұйымдастыруымен 2020 жылдың 9 қазан күні Алматы қаласы "Д.Қонаев" мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді.

 

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

 

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар: 

- Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;

- Үміткер ҚР ер азаматы болуы тиіс;

- үміткердің 30 жастан аспаған болуы;

- үміткер өз номинациясы бойынша республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;

- үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

 

Сондай-ақ, іріктеу сайысына үміткерлер қазақы киім үлгісінде ғана қатыса алады.

 

Қажетті құжаттар: Үміткердің анкетасы, Жеке куәлік көшірмесі.

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2020 жылдың 8 қазанға дейін Islam-abuhanifa@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады. Жарыс жеңімпаздарына ұмра қажылығына жолдама және қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. Сондай-ақ, әр номинация бойынша үздік жүлдегерлер Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ІХ республикалық Құран жарысына жолдама алады.

 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде "Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің» деп айтылғандай баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

 

Қосымша ақпарат үшін: +7 747 936 80 90 – Жолдас қари; +7 778 587 51 21 – Бақыт Жанатбекұлы.

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1273711
Пікірлер

Көрші сілтемелер