Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: Алматы Орталық мешітінде 10 балаға планшет табысталды (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 15:00 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/mektepke-zhol-almatyi-ortalyiq-meshitinde-10-balaga-planshet-tabyistaldyi-12532


Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Алматы Орталық мешіті мен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы бірігіп жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

 

Шараға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Медсантұлы және жергілікті билік өкілдері мен мешіт қызметкерлері қатысты.

 

Игі шара барысында сөз алған қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай, ең алдымен, дініміздегі білім алудың орны мен білімнің маңыздылығына тоқталды. Әрбір ер мен әйелге білім алудың парыз екендігін айтты. Ал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Медсантұлы мектеп оқушыларын талмай ізденіп, сапалы білім алуға үндеді.  

 

Содан қайырымдылық науқаны аясында әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасының балаларына оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері мен онлайн білім алуға қажетті 10 планшет тарту етілді.

 

Қайырымдылық шарасының жоғары теңдейде өтуіне және мектеп жасындағы балаларды онлайн білім алуға қажетті оқу құралдармен қамтамасыз еткен жомарт жандарға алғыс білдіреміз.

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1261410
Пікірлер

Көрші сілтемелер