Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы имамдары Жолдауға үндеу қосты (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 17:00 - 2020/09/11

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyi-imamdaryi-zholdauga-yndeu-qostyi-foto-12525


Бүгін ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен жуырда ғана ел назарына ұсынылған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, үндеу қосуға арналған онлайн жиын өтті.

 

Бұл онлайн басқосуға Алматы қаласының бас имам Еркінбек Шоқай, Алматы Орталық мешітінің дін қызметкерлері және аудан имамдары қатысты.

 

Онлайн жиында қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай ең алдымен Мемлекет басшысының Жолдауындағы қоғамды әлеуметтік-гуманитарлық тұрғыдан дамытатын тұстарына ерекше тоқталды. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру бойынша мешіттердегі діни сауат курстарының жұмыстарын жандандыру; мешіт ауласында яки іргесінде спорттық алаңқайлармен қамтасыз етуді қарастыру; балаларға қамқорлық көрсету бойынша балалар үйірмесі мен қолөнер орталықтарын ашу, мешіт ауласынан балалар алаңқайын жасау; қоршаған ортаны қорғау бойынша мешіт аулаларын абаттандыру; әлеуметтік көмек бойынша қайырымдылық істерді дамыту сынды мәселелерді ортаға салды.

 

Жиын барысында Жолдауға байланысты аудан имамдары өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

Мәселен, Алматы қаласы Түрксіб ауданың бас имамы Саттарқұл Сатиұлы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру бойынша мешіттерде дін, дәстүр, тіл құндылықтарының сабақтастығы жайында өз ойын айтса, Бостандық ауданының бас имамы Данияр Жұмабаев Жолдау аясында мешіт ұстаздарының әлеуметтік жағдайына тоқталды. Ал Әуезов ауданының бас имамы Бахтияр Қасымалиев балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және оларға қамқорлық көрсету жайында пікірін айтты.

 

Жиын соңында Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай күн тәртібінде қозғалған мәселелер мен аудан имамдарының айтқан ұсыныс-пікірлері бойынша дін қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді.  

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1258532
Пікірлер

Көрші сілтемелер