Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы қаласы мешіттері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 18:50 - 2020/09/03

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyi-qalasyi-meshitteri-mektepke-zhol-qayyiryimdyilyiq-aktsiyasyin-12512


Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен Алматы қаласы мешіттері жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді. 

 

Шараға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре және Алматы Орталық мешітінің имамдары қатысты.

 

Шара барысында сөз алған қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай, ең алдымен, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Дініміздегі білім алудың орны мен білімнің маңыздылыған тоқталып, әрбір ер мен әйелге білім алудың парыз екендігін айтты. Сондай-ақ, жас жеткіншектеріміз біліммен қатар тәрбиені қоса алса, нұр үстіне нұр болатынын жеткізді.  

 

Қайырымдылық науқаны аясында Алматы қаласы мешіттері әлеуметтік аз қамтылған 481 отбасының балаларына оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері мен онлайн білім алуға қажетті 20 планшет тарту етті.

 

Қайырымдылық шарасының жоғары теңдейде өтуіне кәсіпкерлер, жомарт жамағат пен сауаптан үміт еткен ерікті азаматтар, Алматы Орталық мешітінің жанындағы «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры өз үлестерін қосты.

 

Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасыға Алматы Орталық мешіті әзірлеген арнайы көліктерде үйлеріне дейін жеткізіліп берілді.

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1253140
Пікірлер

Көрші сілтемелер