Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда онлайн құрбандық шалу рәсімі басталды (ФОТО, ВИДЕО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 18:00 - 2020/07/31

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyida-onlayn-qurbandyiq-shalu-rasimi-bastaldyi-foto-video-12460


Бүгін, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2020» онлайн қайырымдылық акциясы аясында Алматы қаласы өкілдігі қасиетті Құрбан айт мерекесінің бірінші күнін онлайн құрбан шалу рәсімімен бастады.

 

Онлайн құрбандық шалу рәсімі карантиндік талпаптарды сақтауға арналған Qurban2020.kz вебсайты арқылы жүзеге асты отыр. Яғни, қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары, сайт арқылы өтінім берген мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

 

Бұл рәсім аясында Алматы қаласы бойынша әзірге 290 уақ мал (қой, тоқты, ешкі), 6 ірі қара (сиыр) мал құрбандыққа шалынып, 1000-нан астам отбасыға құрбандық еттері үлестірілді.     

 

Алла Тағала шалған құрбандықтарымыз бен ізгі ниет, дұға-тілектерімізді қабыл етсін!  

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1231448
Пікірлер

Көрші сілтемелер