Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы: Бас имам қала тұрғындарын Құрбан айт мейрамымен құттықтады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 13:00 - 2020/07/31

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyi-bas-imam-qala-turgyindaryin-qurban-ayt-meyramyimen-quttyiqtadyi-12457


Бисмиллаһир-рахманир-рахим

 

Құрметті қала тұрғындары! Қадірлі мұсылман бауырлар!

 

Күллі мұсылман үмбеті асыға күтетін, ықыласты мүміндердің көңіліне қуаныш сыйлайтын дәстүрлі дініміздің ең ұлы мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы. Бұл айтулы күнде елдің ынтымақ-бірлігі, алыстағы ағайын-туыс пен жақындағы көрші-қолаңның татулығы артады, Аллаға шынайы ниетпен құрбандықтар шалынып, жұрт құрбандық еттері мен тарту-таралғылармен бір-бірін қуантып, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, берекесі таси түседі. Осы ретте барша мұсылман қауымын Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздегі әрбір отбасыға амандық, бақ-береке тілеймін.  

 

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін» деп сүйіншілегендей, Алла Тағала баршамыздың арапа күні ұстаған оразаларымыз бен дұға-тілектерімізді және Құранда "Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал!" деп бұйырғандай, Құрбан айт мейрамында шалған құрбандықтарымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазсын.

 

Жаратқан Ием Құрбан айт мейрамында әрбір отбасыға берекесін жаудырып, нұрын төксін. Әлемді шарпыған індеттен баршамызды аман сақтап, ел басына келген уақытша сынақтан аман-есен өткізіп, қуанышты күндерге жеткізсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әумин!

 

Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1231259
Пікірлер

Көрші сілтемелер