Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық келу және оның бақиға аттану уақыты – АБЖАД есебінде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 19:50 - 2020/07/29

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/maqalat/read/muhammedke-sgs-paygambarlyiq-kelu-zhane-onyin-baqiga-attanu-uaqyityi-11403


Алланың соңғы елшісі Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) 571 жылы дүние есігін ашты, 611 жылы пайғамбарлық келді және 632 жылы бақиға аттанды.

 

Алла елшісі дүниеге келуден бес жарым ғасыр алдын Иса пайғамбар (ғ.с.) да өзінен кейін келетін соңғы елшінің «Ахмед» (Мұхаммед пайғамбар) болатын сүйіншілеген-ді.

 

Інжілде ФАРАҚЛИТ – Құранда АХМЕД

 

Фарақлит Иоганна Інжілінде:

 

«Мәсих (Иса): «Рабб сендермен әрқашан бірге болуы үшін сендерге басқа Фарақлит береді» – деді» (Иоганна, баб: 14, аят: 15).

 

«Фарақлит келген кезде мен үшін куәгер болады. Сендер де маған куәлік етіңдер» (Иоганна, Баб: 14, 26).

 

«...Мен кетпесем Фарақлит келмейді» (Иоганна, Баб:14, аят: 7-8)

 

«Фарақлит» сөзі грек тілінде «Приклитос» деп аталады. Ал «Приклитос» сөзі араб тіліндегі «Ахмед» деген сөздің мағынасымен бірдей. Бәрімізге белгілі Пайғамбарымыздың бір аты – «Ахмед» болған.

 

Тіпті Құранда «Саф» сүресінің 6-аятында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Інжілдегі есімінің «Ахмед» екендігі айтылады:

 

وَإِذْ قَالَ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ إِنِّي رَسُولُ اللَّهِ إِلَيْكُمْ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيَّ مِنَ التَّوْرَاةِ وَمُبَشِّرًا بِرَسُولٍ يَأْتِي مِنْ بَعْدِي اسْمُهُ أَحْمَدُ

 

Аудармасы:

 

(Уа, Пайғамбар! Есіңе ал!) Сол кезде Мәриямұлы Иса: «Уа, Исрайл ұрпақтары! Расында, мен сендерге (жіберілген) алдымдағы Тәуратты растаушы әрі өзімнен кейін келетін Ахмед есімді елшімен сүйіншілеуші Алланың елшісімін», – деген-ді...»

 

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ КЕЛУ УАҚЫТЫ

 

Иса пайғамбар (ғ.с.) өзінен кейін келетін елшіні сүйіншілеген аяттың «يَأْتِي مِنْ بَعْدِي – өзімнен кейін келетін» деген 4 сөзі 10 әріптен тұрады.

 

Енді осы 4 сөзді АБЖАД есебіне саламыз:

 

ي – 10

ا – 1

ت – 400

ي – 10

م – 40

ن – 50

ب – 2

ع – 70

د – 4

ي – 10

 

Нәтиже 10 + 1 + 400 + 10 + 40 + 50 + 2 + 70 + 4 + 10 = 597.

 

Бұл мәнге 4 сөз бен 10 әріпті қосамыз: 597 + 4 + 10 = 611.

 

Мұндағы 611 мәні – Алланың елшісіне (с.ғ.с.) пайғамбарлық келген 611 жылды білдіреді.

 

Иса пайғамбардың (ғ.с.) сүйінші хабары келген «Саф» сүресінің 6-аяты Құранның басынан бастап есептегенде 5169-шы аятына тура келеді. Бұл мән 611 мен 4558 сандарының қосындысы: 611 + 4558 = 5169.

 

Мұндағы 611 мәні, жоғарыда айтқанымыздай, Алла елшісінің (с.ғ.с.) пайғамбарлық тарихының бастауы болса, ал 4558 мәні 86 мен 53 сандарының көбейтіндісіне тең:

 

86 х 53 = 4558.

 

Мұндағы 86 мәні – «بَعْدِي – өзімнен кейін» деген сөздің АБЖАД есебі:

 

ب – 2

ع – 70

د – 4

ي – 10

 

2 + 70 + 4 + 10 = 86.

 

Ал 53 мәні – аяттағы «بَعْدِي – өзімнен кейін» деген сөзден кейін келетін أَحْمَدُ – Ахмед есімінің АБЖАД есебі:

 

ا – 1

ح – 8

م – 40

د – 4

 

1 + 8 + 40 + 4 = 53

 

БАҚИҒА АТТАНУ УАҚЫТЫ

 

Алла Тағала өзінің соңғы елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) дүние салатынын, бақилық болатынын Құран Кәрімнің 3 жерінде айтқан. Олар:

 

10. «Жүніс» сүресі, 46-аят:

 

وَإِمَّا نُرِيَنَّكَ بَعْضَ الَّذِي نَعِدُهُمْ أَوْ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِلَيْنَا مَرْجِعُهُمْ ثُمَّ اللَّهُ شَهِيدٌ عَلَى مَا يَفْعَلُونَ

 

Аудармасы:

«Һәм оларға [мүшріктерге] уәде еткеніміздің кейбірін Біз саған (уа, Пайғамбар) көрсетсек те не сенің жаныңды (одан бұрын) алсақ та, (бәрібір) олардың қайтуы Бізге қарай. Сосын олардың не істеп жатқандарына Алла Куәгер».

 

13. «Рағд» сүресі, 40-аят:

 

وَإِنْ مَا نُرِيَنَّكَ بَعْضَ الَّذِي نَعِدُهُمْ أَوْ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِنَّمَا عَلَيْكَ الْبَلَاغُ وَعَلَيْنَا الْحِسَابُ

 

Аудармасы:

«Саған (уа, Пайғамбар) оларға [мүшріктерге] уәде еткеніміздің кейбірін [азапты] көрсетпейік не сені (одан бұрын) қаза таптырмайық (бәрібір), сенің міндетің (Исламды) тек жеткізу ғана, ал Біздің міндетіміз – (іс-амалдарды) есептеу!»

 

40. «Ғафир» сүресі, 77-аят:

 

فَاصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ فَإِمَّا نُرِيَنَّكَ بَعْضَ الَّذِي نَعِدُهُمْ أَوْ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِلَيْنَا يُرْجَعُونَ

 

Аудармасы:

«Енді (уа, Пайғамбар!) сабыр ет! Асылында, Алланың уағдасы хақ! Біз саған оларға уәде еткендеріміздің [азаптардың] кейбірін көрсетейік не болмаса сенің жаныңды (одан бұрын) алайық, (бәрібір) олар (түбінде) Бізге қайтарылады».

 

Осы 3 сүреде де Алла елшісінің (с.ғ.с.) бақилық болатынын айтқан сөздер бірдей қайталанады: نَتَوَفَّيَنَّكَ – «сенің жаныңды (одан бұрын) алсақ та»; «сені (одан бұрын) қаза таптырмайық (бәрібір)»; «сенің жаныңды (одан бұрын) алайық».

 

Аталған 3 сүренің Құрандағы реттік сандарының қосындысы:

10 + 13 + 40 = 63.

 

Бұл 63 мәні – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өмір жасын білдіреді.

 

Ал аяттардың сандарының қосындысы:

 

46 + 40 + 77 = 163.

 

Аяттағы Пайғамбардың бақилық болуына қатысты «نَتَوَفَّيَنَّكَ – сенің жаныңды (одан бұрын) алсақ та» сөзі кейбір әріптері қайталанып 9 әріптен тұрады. Бірақ, сөзде 6 әріп ( ي , ن , ت , و , ف , ك ) қолданылған.

 

Енді осы сөзді АБЖАД есебіне саламыз:

 

ي – 10

ن – 50

ت – 400

و – 6

ف – 80

ي – 10

ن – 50

ك – 20

 

Нәтиже 10 + 50 + 400 + 6 + 80 + 10 + 50 + 20 = 626 болады.

 

Содан 626 мәніне сөзде қолданылған 6 әріпті қосамыз:

 

Нәтиже 626 + 6 = 632 болады.

 

Мұндағы 632 мәні – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) бақиға аттанған уақыты.

 

Анығы Аллаға аян!

 

Р.S.:

 

إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ

 

Ақиқатында Біз әрбір нәрсені өлшеммен (есеппен) жараттық.

"Қамар" сүресі, 49-аят.

 

Дайындаған: Бауыржан Мырзақұл

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1230089
Пікірлер

Көрші сілтемелер