Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда «АБАЙ ТВ» және «ӘЛ-ФАРАБИ» телеарналары іске қосылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Өркенйет газеті

Жолданған уақыты: 15:00 - 2020/06/29

Нақты Көзі: https://azan.kz/kz/ahbar/read/qazaqstanda-abay-tv-zhane-al-farabi-telearnalaryi-iske-qosyiladyi-12385


Биыл Қазақстанда екі жаңа телеарна іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметініңалаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

 

Министрдің айтуынша, 30 маусымнан бастап «Қазақстан» ТРК телеарнасына кіретін отандық мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған жаңа «Абай ТВ» телеарнасын іске қосу жоспарлануда.

 

Сонымен қатар, салалы ведомство басшысы атап өткендей, оқу жылының басында «Хабар» агенттігінің базасында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған жаңа білім беру-ағартушылық телевизиялық платформа болатын «әл-Фараби» арнасы іске қосылады.

 

Отандық сериал өндірісінің дамуы туралы айта келе, А.Балаева биыл 42 сериал өндірісі жоспарланғанын хабарлады. Көрермендерге отбасы құндылықтары, волонтерлердің қызметі туралы қызықты жобалар, педагогтар, дәрігерлер, полицейлердің имиджін көтеруге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сериалдар түсіріледі.

 

ortcom.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=17&id=1210210
Пікірлер

Көрші сілтемелер