Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО: Рамазанға әзірлік пысықталды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 15:00 - 2021/04/06

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-04-06/35667-shko-ramazanga-zirlik-pysyktaldy


ШҚО: Рамазанға әзірлік пысықталды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
ШҚО: Рамазанға әзірлік пысықталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ҚМДБ-ның Өскемен аймағына қарасты қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы өтті.

Жиынды ашып, сөз сөйлеген Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы алдағы қасиетті Рамазан айына жоспарланған тапсырмаларды таныстырды.
Бас имам: «Алдымызды қасиетті Рамазан айы тұр. Біз бұл айды тыңғылықты әзірлікпен, жоба-жоспармен бастауымыз маңызды. Кіші Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің берген нақты тапсырмаларын нәтижелі орындауымыз керек» дей келе Рамазан айына орай берілген тапсырмаларды жоғары дәрежеде өткізу керектігін атап өтті.

Ермек Қасболатұлы қасиетті Рамазанды қайырымдылық, мейірім айы ретінде атап өтуді, сонымен қатар карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттігігіне тоқталды. Сондай-ақ, Ермек Қасболатұлы аудан, қала имамдарына қасиетті айда сауапты істерді жүйелі ұйымдастыру, халықты бірлікке ұйытуда бастамашылдықпен жұмыс істеуді, індеттен арылуды тілеп дұға жасау жөнінде тілге тиек етті.

Жиында әрбір бөлімнің басшылары жасалып жатқан шаралар бойынша баяндама жасады. Басқосуда сонымен қатар өткен айлардағы өңір бойынша атқарылған шараларды қорытындылап, алдағы міндеттер талқыланды. Жиналыста Рамазан айына дайындық мәселесі жан-жақты пысықталды. Барлық аудан имамдарына ҚМДБ-ның концептуалды құжаттарының топтамасы таратылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1384065
Пікірлер

Көрші сілтемелер