Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елорда имамдарының жалпы жиналысы өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 11:15 - 2021/04/06

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-04-06/35663-elorda-imamdarynyn-zhalpy-zhinalysy-otti


Елорда имамдарының жалпы жиналысы өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Елорда имамдарының жалпы жиналысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласының «Әс-Сәлам» мешітінде Елорда имамдарының кезекті жалпы жиналысы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әр жылдары қабылданған негізгі құжаттары жинақталған бірегей кітапты насихаттау жұмыстарына арналған алқалы жиынның келесі бөлімінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды.

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың төрағалығымен өткен жиынға дін қызметкерлері мен имамдар қатысты.

Жиынды жүргізіп отырған бас имам Рамазан айында атқарылатын іс-шараларды жоғары деңгейде жүзеге асыру мақсатында жұмыс жоспарына шолу жасап, бірақатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, мешіттердегі сақтық және қауіпсіздік мәселелері, қайырымдылық жұмыстары, ауызашар қоржынын ұйымдастыру және тарату шаралары, өкілдік сайттары және әлеуметтік парақшалар арқылы жүргізілетін онлайн уағыз-насихат жұмыстары бойынша жауапты мамандар бекітілді. Басқосу соңында Ерболат Нұрылдаұлы қасиетті айды жамағаттың барынша сауапқа толы өткізуіне белсене атсалысып, аянбай жұмыс жасауға шақырды.

Сондай-ақ, жиналыс соңында теріс ағым өкілдерімен жұмыс жүргізуде жемісті нәтиже көрсеткен екі имамға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатын табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1383913
Пікірлер

Көрші сілтемелер