Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қостанай имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми с



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 10:45 - 2021/04/06

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-04-06/35661-kostanai-imamdary-ramazanga-daiyndykty-pysyktady


Қостанай имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Қостанай имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы қасиетті Рамазан айына қатысты төралқа жиыны өткен соң Қостанай өкілдігі де осы тақырыпта басқосу өткізді.

Жиында Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы төралқадағы тапсырмалар бойынша алдағы уақытта Рамазанға дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар санитарлық талаптарды қатаң бақылап, тазалық шараларын өткізіп отыруды тапсырды. Қасиетті айда жамағат арасында Құранды көп оқып хатым жасау және салауаттар мен истиғфар дұғаларын оқуды кеңінен насихаттауды ұсынды.

Осы жиналыста әр бөлім бойынша тапсырмалар қорытындыланып, алдағы уақытта істелетін жұмыстар бойынша да тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, биылғы қасиетті Рамазан айының оразасы 13 сәуірден басталып 12 мамырға дейін жалғасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1383894
Пікірлер

Көрші сілтемелер