Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкент: Қайырымдылық шарасына апалар атсалысты - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми са



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 13:45 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-02-23/35050-shymkent-kaiyrymdylyk-sharasyna-apalar-atsalysty


Шымкент: Қайырымдылық шарасына апалар атсалысты - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Шымкент: Қайырымдылық шарасына апалар атсалысты

ҚМДБ Шымкент орталық мешіті жанындағы Жастар ісі секторы мен Әжелер мектебінің мүшелері «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында көпбалалы, мұқтаж 8 отбасының әрбіріне 30 мың теңге қаржылай және азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Қалалық Жастар секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков сөз алып, қолдау көрсеткен барша азаматтарға ризалық білдірді.

Айта кету керек, осындай игі шараға бүгінде зейнет жасындағы апаларымыз да атсалысуда. Олар мешіт жанындағы Әжелер мектебінің мүшелігіне тіркеліп, тәрбие жұмыстары мен қайырымдылық бағыттағы жұмыстарға үлес қосып келеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1359458
Пікірлер

Көрші сілтемелер