Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбе: Имамдардың қызметтік әдебі қадағаланады - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми са



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 13:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-02-23/35047-aktobe-imamdardyn-kyzmettik-debi-kadagalanady


Ақтөбе: Имамдардың қызметтік әдебі қадағаланады - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Ақтөбе: Имамдардың қызметтік әдебі қадағаланады

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қаланың бас имамы Нұрлыбек Күзенбаевтың төрағалығымен мазмұнды жиналыс өтті.

Қала имамдары мен ұстаздарының басын қосқан бұл жиында жылдық жоспар талқыланды. Нақтылап айтқанда, Ақтөбе өкілдігі тарапынан келген тапсырмалар пысықталып, ҚМДБ бекіткен барлық 7 бағыт бойынша нақты тапсырмалар берілді. Биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, атқарылатын сан салалы іс-шаралар ауқымы айқындалды.

Сонымен қатар қазіргі карантин жағдайын ескере отырып, әрі қарай жүргізілетін жұмыстар жан-жақты пысықталды. Атап айтқанда, онлайн уағыздар, діни дәрістер мен семинарлар жүргізу мәселесі сөз болды. Жылдағы дәстүрден жаңылмай, жақсылықта жарысып, қайырымдылық шараларын өткізу белгіленді. Діни оңалту бағыты бойынша жұмысты жандандыру көзделді. Жалпы жамағат пен жастар арасында Білім сайыстарын жиірек ұйымдастыру жайы қарастырылды. Спорттық іс-шараларды, атап айтқанда, волейбол мен футболдан әртүрлі жарыстар өткізу жоспарланды.

Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі бойынша жалпы ҚМДБ-ның төл басылымдары мен сайтында жарық көрген әртүрлі материалдарды (мақала, сұхбат, уағыз т.б) жергілікті жұртшылыққа жүйелі түрде насихаттап, әлеуметтік желілерде дер кезінде таратып отыру тапсырылды. Сондай-ақ қала мешіттерінің карантин кезіндегі жалпы сақтық шаралары, тазалығы мен тәртібі, имамдардың киім киісі, қызметтік әдебі де ұдайы қадағаланатыны еске салынды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1359415
Пікірлер

Көрші сілтемелер