Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Таразда қос бірдей қызметтік үй берілді - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 09:30 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-02-23/35039-tarazda-kos-birdei-kyzmettik-ui-berildi


Таразда қос бірдей қызметтік үй берілді - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Таразда қос бірдей қызметтік үй берілді

Тараз шаһарында мешіт жанынан 2 бірдей қызметтік үйдің ашылуы өтті. 

Айтулы іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Амантай Садиев, мешіт имамдары Амангелді  Ембергенов пен Талғат Сматов, сондай-ақ асақалдар мен үйдің бой көтеруіне атсалысқан азаматтар, дін қызметкерлері қатысты.

Имам Алла үйінің жанында тұрса, жамағатпен кездесу, тілдесу жеңілдей түссе деген мақсатта дайындалған шаңырақ мешітке қызметке келетін жас отбасылар үшін ыңғайлы, жылы, 2 бөлмелі етіп салынды. Қос баспана ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында жомарт жандардың қолдауымен сыйға берілді.

Аталған ғимараттың лентасын облыс имамы мен мешіт ақсақалы қиып, үйді аралап, ислам дінінің қуаты, берекесі үшін дұға жасады. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1359204
Пікірлер

Көрші сілтемелер