Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордалық арулар Алланың 99 көркем есімін жатқа айтып жарысты - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқарма



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 18:00 - 2021/02/22

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-02-22/35036-elordalyk-arular-allanyn-99-korkem-esimin-zhatka-aityp-zharysty


Елордалық арулар Алланың 99 көркем есімін жатқа айтып жарысты - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Елордалық арулар Алланың 99 көркем есімін жатқа айтып жарысты

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің әйел жамағаты арасында Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан интелектуалдық жарыс өтті.

Айта кетейік, аталмыш сайыс Ислам күнтізбесінде «қасиетті үш ай» деп қосарлана аталатын Ережеп, Шағбан, Рамазан айларының құрметіне орай ұйымдастырылып отыр.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған жарыс кіріспесінде жүргізушілер дәл осы үш айдың маңыздылығы мен қасиеті жайында, бұл айларда атқарылатын сауапты амалдар жайында мағлұмат айтып өтті. Сондай-ақ, көрермен назарына бүгінгі жарыстың маңызын айшықтай түсетін арнайы бейнероликтер көрсетілді. Тіпті, үш кезеңнен өткен жарыс арасындағы үзіліс кезінде сұрақ-жауап викторинасы ойнатылып, «Ана қадірі» атты көрініс қойылды.

Шара соңында сайысқа қатысып, жүлделі орынға ие болған қыз-келіншектер Махметтола Саякөз (1-орын), Әуезхан Жансая (2-орын) және Баймұхамбетова Әселге (3-орын) ақшалай сыйлықтар табысталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1358872
Пікірлер

Көрші сілтемелер