Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атырау: Әйтеке би атындағы мешіт ашылды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 13:30 - 2021/02/22

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-02-22/35029-atyrau-iteke-bi-atyndagy-meshit-ashyldy


Атырау: Әйтеке би атындағы мешіт ашылды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Атырау: Әйтеке би атындағы мешіт ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырау облысы, Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылында Әйтеке би атындағы жаңа мешіт ашылды.

Ғибадат үйінің ашылуына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты. Заман талаптарына сай салынған мешіт жанында төрт бөлмелі имам үйі қоса тұрғызылды. Қазақ тарихында айрықша із қалдырған Әйтеке би атындағы мешіттің сыйымдылығы –300 орындық.

Осылайша, Атырау облысындағы мешіттер саны 34-ке толығып отыр. 

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі мешіттерге қазақ даласында із қалдырған би-шешендеріміздің, хан -сұлтандар, батыр тұлғалардың аты беріле бастады. Былтыр Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылында есігін айқара ашқан мешітке Қасым ханның есімі берілген болатын. Осынау игі дәстүр бүгін Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылында жалғасын тауып отыр.

Біздің мақсатымыз – халқымыздың тарихын, өткенін, дара тұлғаларын насихаттау арқылы, жас ұрпаққа ұлттық негізде тәрбие беру» деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Құлшылық үйінің ашылу рәсімі барысында жергілікті жұртшылыққа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған Жанбай ауылдық Әйтеке би мешітінің имамы Жениш Сисенбаев таныстырылды.

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент медресесін исламтанушы мамандығымен аяқтаған Жениш Сисенбаев – әр жылдары Маңғыстау облысындағы Қарақия аудандық мешітінің бас имамы, аталған өңірдегі Түпқараған ауданында Сайын Шапағатов мешітінің бас имамы қызметтерін атқарған тәжірибелі маман.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1358623
Пікірлер

Көрші сілтемелер