Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БАС МҮФТИ ЖАСТАРҒА: ҚОҒАМҒА ПАЙДАЛЫ ТҰЛҒА БОЛЫҢЫЗДАР (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 13:00 - 2021/02/22

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-02-22/35025-bas-mufti-zhastarga-kogamga-paidaly-tulga-bolynyzdar-foto


БАС МҮФТИ ЖАСТАРҒА: ҚОҒАМҒА ПАЙДАЛЫ ТҰЛҒА БОЛЫҢЫЗДАР (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
БАС МҮФТИ ЖАСТАРҒА: ҚОҒАМҒА ПАЙДАЛЫ ТҰЛҒА БОЛЫҢЫЗДАР (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жасаған ресми сапары барысында Ақтаудағы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінде болып, студенттерге осылай деді.

«Сіздерге айтар ағалық кеңесім: ең бастысы, тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, қоғамға пайдалы тұлға болыңыздар. Әр студент өзі таңдаған мамандығын кәсіби тұрғыдан меңгеріп, еліміздің өркендеуіне қызмет етуі керек. Әр азамат өз миссиясын ұқыпты, мұқият, адал атқарса еліміз өркендеп, болашағымыз баянды болмақ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген пенде», – деген.

Жазушы Шерхан Мұртаза айтқандай, әуелі халықтың пайдасын ойла, сенің пайдаң соның ішінде. Алла Тағала баршаңызға жар болып, екі дүние бақытын нәсіп етсін!» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1358596
Пікірлер

Көрші сілтемелер