Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаңаөзенде 100 отбасыға қайырымдылық көрсетілді - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми са



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:30 - 2021/02/22

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-02-22/35024-zhanaozende-100-otbasyga-kaiyrymdylyk-korsetildi


Жаңаөзенде 100 отбасыға қайырымдылық көрсетілді - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Жаңаөзенде 100 отбасыға қайырымдылық көрсетілді

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлының бастамасымен, «Өзенмұнайгазға» қарасты «НГДУ-4» мекемесінің ұжымы, «Игі істер» қоғамдық қоры, сондай-ақ құлшылық үйінің жанынан ашылған «Иманды жастар» тобы және Жастар ресурстық орталығының еріктілерінің қолдауымен «Әр жұмада бір шара» жобасы аясында кең ауқымды қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. 

Ізгі һәм игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, барлығы 100 жанұя қамтылды. 

Іс-шара соңында Жаңаөзен «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлы: 

«Мешіт өнегелік істерде халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, имандылықтың ордасы ретінде қызмет етуі керек. Бүгінгі игі іс-шараға атсалысқан мешітіміздің жамағатына алғысымызды айтамыз! Бірінші Алланың қалауымен, екінші қолы ашық азаматтардың арқасында осындай шараны өткізіп отырмыз. Баршаңызға Алла разы болсын! Алла сауаптан жазсын!», – деп ізгі тілегін жеткізді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1358572
Пікірлер

Көрші сілтемелер