Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қызылорда: Имамдар семинарға қатысты - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 22:15 - 2021/02/21

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-02-21/35009-kyzylorda-imamdar-seminarga-katysty


Қызылорда: Имамдар семинарға қатысты - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Қызылорда: Имамдар семинарға қатысты
Қызылорда облысының дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала имамдарына арналған семинар өтті.
 
«Мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайту мәселелері» тақырыбында өткен шараның мақсаты – теріс ағымның алдын алу және онымен күрес жұмыстарын күшейту. Семинарға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Ерсұлтан Есов пен дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев қатысып, заман талабына сай үнемі даму процесінде жүру қажеттігін екенін жеткізді.
 
Жан-жақты қамтылған семинардың жоспарына сәйкес, психолог маман мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері діни мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселелері, зайырлы қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелер турасында баяндама жасап, еркін сұхбат аясында сұрақтарға жауап берді.
 
 
 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1358323
Пікірлер

Көрші сілтемелер