Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО: Мешіті қызметкерлеріне құрмет - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 19:00 - 2021/01/13

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-01-13/34576-shko-meshiti-kyzmetkerlerine-kurmet


ШҚО: Мешіті қызметкерлеріне құрмет - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
ШҚО: Мешіті қызметкерлеріне құрмет

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық «Ақтас» мешітінде қызмет атқаратын дін қызметкерлеріне қайырымдылық жасалып, аудан мешіті атынан алғыс хат табыс етілді.

«Мешітімізде абыройлы адал қызмет етіп келе жатқан имамдарымызбен қызметкерлерімізге қайырымдылық жасап, ізгілік жолындағы істеріне алғыс білдіріп отырмыз. Карантин уақытында мешіт қызметкерлерін қолдап, оларға қайырымдылық көмегін көрсетіп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасау – біздің парызымыз» деп атап өтті «Ақтас» мешітінің бас имамы Досжан Үмбет.

Ол діни қызметтің мәртебесі мен беделі туалы айта келіп, қызметкерлерге асыл дінімізді насихаттаудағы ерен еңбектеріне алғыс айтып, қайырымдылық пакетін және алғыс хат табыс етті. Мешіт қызметкерлеріне азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Қайырымдылық барысында карантин талаптары сақталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1334923
Пікірлер

Көрші сілтемелер