Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағанды: Кеншілерді еске алды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 10:15 - 2021/01/12

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-01-12/34567-karagandy-kenshilerdi-eske-aldy


Қарағанды: Кеншілерді еске алды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Қарағанды: Кеншілерді еске алды

2008 жылдың қаңтарында Қарағанды облысы Абай ауданындағы Абай шахтасында жарылыс болып, 30 кенші дүниеден озған еді. Сол оқиғаның елімізге қаралы күн болып енгізілгеніне он үш жыл толып отыр.

Марқұм болған кеншілерді еске алып, рухына Құран бағыштау мақсатында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов және қала имамы Аманбол Рымқұлұлы марқұмдардың қабірін зиярат етті. Сондай-ақ еске алу шарасында марқұмдардың туыстары мен жора-жолдастары және «Арселор Миттал Темиртау» АҚ басшылары қатысты.

Айта кетейік, ел үшін қажырлы еңбек етіп, бейнетпен келген нанның дәмін татып жүрген бүгінгі кеншілердің қызметі – нағыз адал жұмыс. Бірнеше шақырымдық жер астына түсіп, денсаулығы мен өмірін бәйгеге тіккен кеншілер көптеген қиындықтарды артқа қалдырып, қара алтынды маңдай терімен өндіреді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1333775
Пікірлер

Көрші сілтемелер