Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістан: Аналармен кездесу өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 10:00 - 2021/01/12

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-01-12/34566-turkistan-analarmen-kezdesu-otti


Түркістан: Аналармен кездесу өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Түркістан: Аналармен кездесу өтті

Түркістан облысы Созақ аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Анаң – жәннатың» атты кездесу өтті.

Кездесуге мешіт жамағаты пен ақ жаулықты аналар қатысты. Алдымен Созақ ауданының имамы Мейрамбек Әбдіқұлов аналарды ардақтау, Ислам діні келгеннен кейінгі әйелдердің мәртебесі жайында насихат айтты.

Іс-шараның мақсаты ана мен бала арасындағы сыйластықты арттыру болды. Азаматтар аналарынан көпшілік алдында қателіктері үшін кешірім сұрап, сый-сияпат жасады. Аналар балаларына ризашылық білдіріп, ақ батасын жаудырды.

Кездесуге 12 ана шақырылды. Іс-шараның жалғасты болуына жамағат қолқа салды. Ендігі жүздесуді наурыз айында өткізу жоспарланды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1333761
Пікірлер

Көрші сілтемелер