Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістан: «Зияткер имам» семинары өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 22:15 - 2021/01/09

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-01-09/34557-turkistan-ziiatker-imam-seminary-otti


Түркістан: «Зияткер имам» семинары өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Түркістан: «Зияткер имам» семинары өтті

Түркістан облысында ІV республикалық имамдар форумында қабылданған үш құжатты насихаттау жұмыстары жалғасып жатыр. Зияткерлікке басымдық беріліп, зияткер болу жолдары айтылып келеді.

Кезекті семинар Мақтаарал ауданында өтті. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов жиынға арнайы қатысып, ауыл имамдарын жан-жақты дамуға шақырды.

Дін қызметкерлерінің тұлғалық келбеті, зиярат ету, зират салу, дастарқан жаю әдептері дәріптелді. Сондай-ақ «Зекет» қорының өңірдегі өкілі Еркін Полатовқа үгіт-насихат жұмыстарын көбейту тапсырылды.

Айта кетейік, бұған дейін «Зияткер имам» семинары Жетісай ауданында өткен еді. Үш құжатты баспадан шығарып, аудан, қала, ауыл имамдарына түгел тарату жоспарланған. Алдағы уақытта барлық аудандарда «Зияткер имам» семинары өткізілмекші.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1332141
Пікірлер

Көрші сілтемелер