Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қырық адамға қайырымдылық жасалды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 22:00 - 2021/01/09

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-01-09/34556-kyryk-adamga-kaiyrymdylyk-zhasaldy


Қырық адамға қайырымдылық жасалды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Қырық адамға қайырымдылық жасалды

ҚМДБ қызметінің дәстүрлі бағытының бірі – қайырымдылық. Осыған орай Алматы облысы Талғар ауданына қарасты мешіттер жергілікті халықтың әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көңіл бөліп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келеді.

«Зекет» қорының Талғар ауданындағы өңілдігі және аудандық мешіттің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен кезекті игі шараға дін қызметінде жүрген мешіт қызметкерлері қамтылды.

Қаңтар айындағы қайырымдылық шарасында аудан имамы Қажымұхан Қамбарұлының ұйытқы болуымен 29 имам, 6 наиб имам, 5 ұстаз, жалпы көлемі 40 дін қызметкеріне азық-түліктің барлық түрі қарастырылып, күнбағыс майы, макарон, қант, ұн, шай, күріш т.б. күнделікті тұтынатын өнімдер берілді.

Аудан имамы дәстүрге айналған қайырымдылық шарасы алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1332140
Пікірлер

Көрші сілтемелер