Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мысырда әл-Фараби жайлы конференция өтеді - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 21:30 - 2021/01/09

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-01-09/34555-mysyrda-l-farabi-zhaily-konferentsiia-otedi


Мысырда әл-Фараби жайлы конференция өтеді - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Мысырда әл-Фараби жайлы конференция өтеді

Мысырдағы әл-Әзһар университетінің Ислам зерттеулері академиясы мен Қазақстанның Египеттегі елшілігі 2021 жылдың 15-16 ақпанында «Екінші ұстаз әл-Фарабидің әлемдік өркениетті дамытуға қосқан үлесі» атты онлайн конференция өтеді.

Алты секцияға бөлінген халықаралық конференцияға баяндамалар 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін қабылданады. Ал баяндама аннотациясы 15 қаңтарға дейін жіберілуі тиіс.

Баяндама 150 беттен аспауы керек. Арнайы комиссия қарауынан өтіп, қабылданған жағдайда хабар береді. Конференцияға қажетті баяндама, аннотация, паспорт барлығы http://www.azhar.eg порталындағы конференциялар бөлімі арқылы жіберілуі тиіс.

Секциялар: Әл-Фарабидің саяси ғылымдарға, ахлақ іліміне, өз ғасырындағы ғылымдарға қосқан үлесі, адам туралы ілімдерге, философияға қосқан үлестері, Әл-Фараби ой-пікірінің әсері атты 6 тақырып аясында.    

Конфереция онлайн өтеді. Тілдер: араб, ағылшын, қазақ, француз, испан.

Баяндаманың бірінші бетінде тақырыбы, автордың аты-жөні, елі, тұратын жері, ғылым дәрежесі, жұмыс орны, телефон номері, электронды пошта жазылады. Баяндаманың мәтінінде автордың аты көрсетілмейді.

Баяндама Word және Pdf нұсқаларында жолданады. Араб тіліндегі баяндама Simplified Arabic шрифтімен, басқа тілдегі баяндамалар Times New Roman шрифтімен жіберіледі. Шрифт өлшемі – 14.

Қатысушы анкетасын толтыру http://www.azhar.eg электрондық порталында 2021 жылдың 30 қаңтарына дейін жүзеге асады.

Қосымша мәліметтер үшін электронды порталдағы байланыс құралдары арқылы мамандары жүгінуге болады.

 

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1332130
Пікірлер

Көрші сілтемелер