Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағанды: Рухани келісім күніне орай қайырымдылық шарасы өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқарм



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 13:00 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-10-18/33529-karagandy-rukhani-kelisim-kunine-orai-kaiyrymdylyk-sharasy-otti


Қарағанды: Рухани келісім күніне орай қайырымдылық шарасы өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Қарағанды: Рухани келісім күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен жергілікті «Хоспис» қарттар үйінде қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шара Рухани келісім күнінің құрметіне орай өткен шарада науқастарға сыйлықтар мен керек-жарақ затар үлестіріліп, мекеме қызметкерлеріне табыс етілді. Қазіргі санитарлық талаптарға байланысты науқас жандармен жылдағыдай жылы жүздесулер мен әдемі әңгіме ұйымдастыру мүмкін болмады. Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған шараға өзге де дін өкілдері ат салысып, үлес қосты.

«Бұл халық пен елдің, өзге діндер мен ұлттардың бөлінбей, керісінше бірге, тату болып отырғандығының көрінісі. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ» дейді ұйымдастырушылар.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1282690
Пікірлер

Көрші сілтемелер