Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағанды: Имамдар балаларға қуаныш сыйлады (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 19:45 - 2020/10/17

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-10-17/33517-karagandy-imamdar-balalarga-kuanysh-syilady-foto


Қарағанды: Имамдар балаларға қуаныш сыйлады (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Қарағанды: Имамдар балаларға қуаныш сыйлады (ФОТО)

Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық мешітінің ұйымдастыруымен игі шара жүзеге асты. 

Атап айтқанда, Қарағанды обылысы білім басқармасының №8 және сөйлеу қабілеті өте төмен балаларға арналған №5 мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі балалар Теміртау орталық мешітінде арнайы қонақ болды.

Берекелі іс-шара барысында жеткіншектерге және тәрбиешілеріне арнайы мерекелік дастархан жайылып, балаларға сыйлықтар үлестірілді. Мешіттің бас имамы Естай Айтуғанұлы мерекелік дастархан басында ата-аналарға өзінің игі тілегі мен ізгі лебізін білдірді. 

«Әрбір балаға мейірім таныту, басынан сипау, махаббатын арнау, олардың тәрбиесіне, өсіп жетілуіне, қалыптасуына тұрақты көңіл бөлу – қасиетті дінімізде әрбір мұсылманның парызы, әрі сауабын арттыратын игі іс» деп атап өтті Естай Айтуғанұлы. 

Бас имам жеткіншектерді тәрбиелеп отырған ата-аналарға алғыс хат табыстап, шара соңында Құран оқылдып, бата берілді. Сауапты һәм берекелі шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына дән риза болған тәрбиешілер алғыстарын жеткізіп, қуанышты күйде тарқасты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1282465
Пікірлер

Көрші сілтемелер