Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ЕРСІН ӘМІРЕ АТЫРАУДА МЕШІТ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми са



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 18:30 - 2020/10/17

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2020-10-17/33514-ersin-mire-atyrauda-meshit-zhamagatymen-kezdesti


ЕРСІН ӘМІРЕ АТЫРАУДА МЕШІТ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
ЕРСІН ӘМІРЕ АТЫРАУДА МЕШІТ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастап Атырау облысына келген делегация құрамындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре жергілікті мешіт жамағатына насихат айтты.

Атырау қаласындағы Әт-Тақуа мешітінде өткен кездесуде Ерсін Бекайдарұлы:

«Исламның міндеті – бейбітшілік. Біздің дін бірлікті, ынтымақты насихаттайтын дін. Ықылым заманнан мұсылман болған ата-бабаларымыз «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген. Бірлікте болуды Әзиз Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) насихат етіп кеткен» дей келе, кездесуге қатысушыларды мешіт жанынан ілім алуға шақырып, түрлі жат ағымның арбауына түсіп қалмау турасында насихатын жеткізді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1282437
Пікірлер

Көрші сілтемелер