Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада «Мәңгі мұғжиза» атты Құран жарысы өтті (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының р



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:45 - 2020/10/17

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-10-17/33508-elordada-mngi-mugzhiza-atty-kuran-zharysy-otti-foto


Елордада «Мәңгі мұғжиза» атты Құран жарысы өтті (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Елордада «Мәңгі мұғжиза» атты Құран жарысы өтті (ФОТО)

Елордадағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінде «Мәңгі мұғжиза» атты Құран жарысы өтті.

Жарысқа «Нұр-Сұлтан» қаласы өкілдігінің 12 мешітінен іріктелген 12 шәкірт қатысты. ҚМДБ 30 жылдығының аясында өткен бұл шарада қатысушылар Құранның 30 парасының 30 сүресінен жатқа оқу, тәжуид ережелері мен қасиетті кітап жайлы сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынасты.

«Әуелі аят, хадис – сөздің басы,

Қосарлы бәйіт-мысал келді арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын Пайғамбар мен оны Алласы...», - деп Абай атамыз жырлағандай алдымен Құран оқумен басталған шараның алғысөзін «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоев сөйледі. Ол өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Шараға төрелік етуге республикалық азаншылар сайысының бас жүлдегері, «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерлан Базарбайұлы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Нуриддин Абдусамадұлы, «Раиса Ана» мешітінің қариы Абдуали Шахиданиұлы арнайы шақырылды.

Әділ қазылардың шешімімен бас жүлдеге «Әл-Ғани» мешітінің шәкірті Бекарыс Баймұратұлы лайық деп танылса, 1-орын «Нұр-Астана» мешітінің шәкірті Бектас Жеңісұлына, 2-орын «Раиса Ана» мешітінің шәкірті Сабырбек Ықыласұлына бұйырды. Ал 3-орынды «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірті Дінмұхаммед Сейітханұлы місе тұтты.

Шәкірттердің ынтасын арттыру және жалпы жамағатты Құран оқуға қызықтыру ниетімен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілсе, әрбір қатысушыға ынталандыру сертификаттары мен қаржылай сый-сияпат жасалды.

«Бұл жарыстың ерекшелігі – республикалық дәрежедегі жарыстарға қатыса алмаған мешіт шәкірттерін өзара қала көлемінде жарыстырып, бақ сынату еді. Әл-Фараби бабамыз «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» дегеніндей, негізгі мақсатымыз – шәкірттерді Құранды жаттап, оқып қана қоймай, оның дұрыс-бұрысын дүбірлі додада тексеріп көруге талпындыру» дейді ұйымдастырушылар.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1282285
Пікірлер

Көрші сілтемелер