Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағанды: Абайдың 175 жылдығына орай мүшәйра өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 19:00 - 2020/10/15

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-10-15/33481-karagandy-abaidyn-175-zhyldygyna-orai-mushira-otti


Қарағанды: Абайдың 175 жылдығына орай мүшәйра өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Қарағанды: Абайдың 175 жылдығына орай мүшәйра өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы әр аптаға бір шара бастамасы аясында Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде облыс бас имамы Өмірзақ Қазкенұлының тапсырмасымен ұлы ойшыл, даңқты ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті» жыр мүшәйрасы өтті.

Сайысқа облыс бас имамы Өмірзақ Бекқожа, Саран қаласының зиялы қауым өкілі Адамжан Рақымбердіұлы мен Саран қалалық мешітінің бас имамы Мұхаммедқали Саликов қатысып, төрелік етті. Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған мүшәйраға жеті қатысушы қатысып, ең үздік деген үш жеңімпаз анықталды. Атап өтсек, жүлделі 3-орынды Нұрмаханов Аманжол қанжығасына байласа, 2-орын Айдын Олжасқа тиесілі болды. Ал бас жүлдені Сәулет Сәби иеленді.

Қатысушы жастарға мешіт қолдаушыларының атынан ақшалай сыйлық табыс етілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1281095
Пікірлер

Көрші сілтемелер