Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңғыстау: «Жусан» операциясы арқылы елге оралғандармен кездесу өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни б



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 18:45 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-09-16/33048-mangystau-zhusan-operatsiiasy-arkyly-elge-oralgandarmen-kezdesu-otti


Маңғыстау: «Жусан» операциясы арқылы елге оралғандармен кездесу өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Маңғыстау: «Жусан» операциясы арқылы елге оралғандармен кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Маңғыстау облысы бойынша жетекшісі Ақмарал Қазиеваның ұйымдастыруымен былтыр «Жусан» операциясымен шиеленіс аймағынан елге аман-есен оралған бір топ қандасымызбен кездесу өтті. 

Өңірдің орталық «Бекет ата» мешітінде өткен кездесуге ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы арнайы қатысты. Отандастарымызбен сұхбаттасып, оларға рухани қолдау білдіре отырып:

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Сіздердің қазіргі міндеттеріңіз – еліміздің дамуы мен дініміздің өркендеуі үшін аянбай еңбек ету. Біз, өз кезегімізде сіздерге барынша қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп айтып өтті.

Ақмарал Қазиева қаракөз қазақ қыздарын мешіт жанынан ашылған «Қырмызы» тігін шеберханасының жұмысымен таныстыра отырып:

«Болашақта осы жерге келіп, тігін ісі бойынша сабақ алсаңыздар болады. Сіздер үшін есігіміз әрқашан ашық», – деді.

Кездесу соңында облыстық орталық «Бекет ата» мешіті тарапынан қонақтарға тігін шеберханасынан шыққан, тұрмысқа қажетті заттар сыйға беріліп, азық-түлік себеттері мен материалды көмек көрсетілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1261610
Пікірлер

Көрші сілтемелер