Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сыр имамдарының жиыны өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-09-16/33039-syr-imamdarynyn-zhiyny-otti


Сыр имамдарының жиыны өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Сыр имамдарының жиыны өтті

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен имамдар жиыны өтті.

Жиынға ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігіне қарасты қала мешіттерінің бас имамдары офлайн және Байқоңыр қаласы мен 7 ауданның бас имамдары онлайн қатысты.

Болатбек Ұласқанұлы жиында жұқпалы індеттің алдын-алу мақсатында мешіттерде тазалық талаптары қатаң сақталып, мешіттің ішкі тәртібі бұзылмауын ескертті. ҚМДБ тарапынан бекітілген сақтық шараларын халыққа кеңінен түсіндіріп, сабырға шақыру, мешіттердегі сабақтар мен уағыз-дәрістерді онлайн режимде тұрақты өтуін қадағалау, өткізілген сабақтар мен дәрістер мешіт жамағаттарына жіберіліп отыруын, жалған ақпараттар таралмауының алдын алу үшін әрбір қала, аудан, ауыл имамдары әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, дер кезінде жауап беріп отыруын, теріс пиғылды адамдардың ел арасында дүрбелең туғызбауын бақылауды  қатаң тапсырды.

Сонымен қатар ЖАНТ мүшелеріне жат ағым жетегінде кетудің алдын-алу мақсатында түрлі форматта жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі жетілдіруді тапсырды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1261276
Пікірлер

Көрші сілтемелер