Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ТҮРКИЯ ДІНИ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқарм



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:45 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2020-08-02/32432-dini-ister-baskarmasynyn-toragasy-kuttyktau-khat-zholdady


ТҮРКИЯ ДІНИ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
ТҮРКИЯ ДІНИ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Түркия Діни істер басқармасының төрағасы, профессор, доктор Али Эрбаш ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

Али Эрбаш құттықтау хатын Фатих Сұлтан Мехмет ханның мұрасы, азаттықтың символы, Стамбұлдың ұлы құлшылық мекені болып табылатын Айя-София музейінің Түркияның Мемлекеттік кеңесінің шешімімен және Президент әкімшілігінің заңнамалық өзгерістер енгізуімен қайтадан мешітке айналғанын хабарлап, осынау ерекше оқиғадан алған сезімі жайлы баяндады.

«Құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып, Айт мерекесінің Ислам әлемімен бірге барша адамзатқа сүйіспеншілік, бейбітшілік, тыныштық пен бақыт сыйлауын Жаратушы Жаббар иемізден тілеймін. Осындай ой-сезімдермен, Жоғары мәртебелі өзіңізбен бірге алдағы ең жақын күндерде Айя-Софияда сап түзейміз деп үміттенемін, шынайы ықыласым мен жалынды сәлемімді жолдаймын» делінген құттықтау хатта.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1232197
Пікірлер

Көрші сілтемелер