Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҚО: Ақжайық өңіріндегі Құрбан шалу рәсімі - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 14:45 - 2020/08/01

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-08-01/32420-bko-akzhaiyk-onirindegi-kurban-shalu-rsimi


БҚО: Ақжайық өңіріндегі Құрбан шалу рәсімі - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
БҚО: Ақжайық өңіріндегі Құрбан шалу рәсімі

Ақжайық төрінде Құрбан шалу рәсімі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде жүзеге асырылды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев арнайы қатысып, қасиетті Құран Кәрімді оқып, дұға бағыштады.

Облыс бойынша qurban2020.kz сайты арқылы құрбан шалуға 100-ден астам тапсырыс беріліп, тапсырыстарды орындау үшін мешіт қызметкерлері қала шетіндегі «Ел ырысы» ЖШС-де құрбан шалынды. Берілген аманаттар аса ұқыптылықпен орындалып, құрбан шалу рәсімі әлі де жалғасуда.

Облыс бойынша айттың алғашқы күнінде 26 ірі қара, 290 қой малдары құрбан шалынып, әрқайсысына 4-5 келі ет салынған 379 пакеттің 379-ы мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

Өтініш түсіру әлі де жалғасып, отбасы төмен жандарға құрбан еті есігінің алдына дейін жеткізіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1231842
Пікірлер

Көрші сілтемелер