Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ҚҰРБАН АЙТ: ҚОЙ БАСТАРЫ ДА ТАРАТЫЛУДА (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:45 - 2020/08/01

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-08-01/32408-kurban-ait-koi-bastary-da-taratyluda-foto


ҚҰРБАН АЙТ: ҚОЙ БАСТАРЫ ДА ТАРАТЫЛУДА (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
ҚҰРБАН АЙТ: ҚОЙ БАСТАРЫ ДА ТАРАТЫЛУДА (ФОТО)

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ тарапынан ұйымдастырылған Құрбан шалу рәсімі бүгін де қызу жалғасу үстінде.

Құрбан малдарын сойып, мұқтаж отбасыларға тарату жұмыстарын айттың алғашқы күні-ақ белсене бастап кеткен ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің қызметкерлері бүгін де игілікті шараның көрігін қыздыра түсті.

Айта кетейік, ҚМДБ ұйымдастырған қашықтықтан уәкілдік беру арқылы құрбан шалу акциясы аясында кешегі күнгі дейін Елорда өкілдігі бойынша 32 ірі қара және 600 қой түлігі жиналған болатын. Осы орайда, құрбан етін алуға онлайн өтініш білдірген тұрғындарға құрбандық еттеріне қоса, үйітілген қой бастары да қоса таратылуда. Сондай-ақ, құрбандық малдарының ішек-қарындарын қараусыз қалдырмай, бірден тазаланып мұқтаж жандарға берілу үстінде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1231782
Пікірлер

Көрші сілтемелер