Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Батыс өңірлерде балаларға базарлық жасалды (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 11:30 - 2020/08/01

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-08-01/32406-batys-onirinde-balalarga-bazarlyk-zhasaldy-foto


Батыс өңірлерде балаларға базарлық жасалды (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Батыс өңірлерде балаларға базарлық жасалды (ФОТО)

Құрбан айт мейрамының құрметіне еліміздің батыс өңірінде балаларға базарлық таратылды.

Мәселен, Атырау қалалық Құспан молла мешіті 400 сәбиге сыйлық таратты. Аталған мешіттің бас имамы Эммат Ғұмаров:

«Құрбан айт – мұсылман әлемі үшін үлкен мереке. Мерекені жас сәбилерімізге сезіндіру арқылы, бауырмалдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу – мақсатымыз. Карантин жағдайында өтіп жатқан Құрбан айтымыздағы игі істерімізді Алла қабыл етсін» дейді.

Ал Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті жанындағы әйел-қыздар секторының бастамасымен «Құрбан айт базарлығы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында облыстық орталық мешіт жанынан ашылған «Шәрбат» кондитерлік наубайханасында арнайы пісірілген тәттілер, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы 100 отбасыға үлестірілді.

Сондай-ақ Құрбан айт мерекесінде БҚО Сырым аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбайұлы мешіттен білім алған шәкірттерге сыйлықтар мен тәттілер таратты.

Ұлық күнде аудан имамы шәкірттердің үйлеріне арнайы барып, айтулы мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыстаса, шәкірттер де қуаныштары кеудесіне сыймай, ақ тілектерін білдірді.

Дереккөз: www.amin.kz, www.beket-ata.kz және www.islam-oral.kz  

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1231745
Пікірлер

Көрші сілтемелер