Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңғыстау: Құрбандық еттері мұқтаж отбасыларға жеткізілді (Видео) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 22:00 - 2020/07/31

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-07-31/32398-mangystau-kurbandyk-etteri-muktazh-otbasylarga-zhetkizildi-video


Маңғыстау: Құрбандық еттері мұқтаж отбасыларға жеткізілді (Видео) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Маңғыстау: Құрбандық еттері мұқтаж отбасыларға жеткізілді (Видео)

Бүгін, 31 шілде күні баршаға мұсылман жұртына ортақ Құрбан айт мейрамы басталды. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен онлайн құрбандыққа арналған Qurban2020.kz сайты жұмысын бастаған болатын.

Осы сайт арқылы, еліміздің әр облысының тұрғындары құрбан шалуға және ет алуға өтініштерін қалдыруда. Осыған байланысты, Құрбан айттың бірінші күнін Маңғыстау өңірі барынша дайындықпен қарсы алып, онлайн берілген тапсырыстарға сай құрбандық шалуды бастап кетті.

Қазіргі уақытқа дейін, Маңғыстау облысы бойынша 144 құрбандық малына (65 қой, 52 тоқты, 24 ешкі, 3 ірі қара мал) тапсырыс берілген. Qurban2020.kz сайты арқылы құрбандық шалуға тапсырыс 1 тамыз күні де қабылданады.

ҚМДБ – ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы уәкілдік құрбандығына тапсырыс берушілердің атынан Құран оқып, құрбандық шалды.

Эпидемиологиялық ахуалға сәйкес, облыс, қала, аудан орталықтарының аумағындағы құрбандық шалатын орындар, мал бауыздайтын қасапханалар, құрбандық етін сақтайтын тоңазытқышы бар қоймалардың бәрі санитарлық талаптарға сай.

Құрбандық еттері, арнайы көліктердің көмегімен мұқтаж отбасылар мен мұқтаж жандарға жеткізіліп жатыр. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1231563
Пікірлер

Көрші сілтемелер