Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ЕЛОРДА ЕРІКТІЛЕРІ ҚҰРБАНДЫҚ ЕТТЕРІН ТАРАТТЫ (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 21:00 - 2020/07/31

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-07-31/32394-elorda-eriktileri-kurbandyk-etterin-taratty-foto


ЕЛОРДА ЕРІКТІЛЕРІ ҚҰРБАНДЫҚ ЕТТЕРІН ТАРАТТЫ (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
ЕЛОРДА ЕРІКТІЛЕРІ ҚҰРБАНДЫҚ ЕТТЕРІН ТАРАТТЫ (ФОТО)

Айт мерекесі есігімізден енісімен Елорда базарларының бірінде басталып кеткен құрбан шалу рәсімінің көп ұзамай-ақ екінші кезеңі де бастау алды.

Бұл Алла разылығы үшін шалынған құрбандық еттерін мұқтаж отбасылардың қолдарына табыстап, қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап шығу болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған Құрбандық акциясы аясында сойылған мал еттері осылайша бірден тиісті мекенжайларына жеткізіліп, ұлық мерекенің мейірін сезіндірді.

Құрбандық еттерін тарату жұмыстарына Елорда мешіттерінің қызметкерлері мен жамағатынан құралған жұмыс тобы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен қаладағы түрлі еріктілер тобы белсене атсалысып, айттың алғашқы күні-ақ қаншама отбасыға қуаныш сыйлады. Айта кетейік, құрбан шалу және тарату рәсімдері ертең де жалғасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1231538
Пікірлер

Көрші сілтемелер