Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Павлодар: 185 мұқтаж отбасыға ет таратылды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 20:45 - 2020/07/31

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-07-31/32393-pavlodar-185-muktazh-otbasyga-et-taratyldy


Павлодар: 185 мұқтаж отбасыға ет таратылды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Павлодар: 185 мұқтаж отбасыға ет таратылды

Павлодар қаласы бойынша Құрбан шалу рәсімі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде жүзеге асырылды.

Жалпы облыс бойынша qurban2020.kz сайты арқылы құрбан шалуға 170-ке жуық тапсырыс беріліп, оның 120-сы мал құнын онлайн төлеген болатын. Ал мұқтаж болған 355 отбасы ет алуға өтініш берген еді. Өтініш түсіру әлі де жалғасуда.

Осы тапсырыстарды орындау үшін мешіт қызметшілері қала шетіндегі «Құлагер» атшабарында құрбан шалу аманатын аса ұқыптылықпен орындады, әлбетте құрбан шалу ертең де жалғасады.

Өтініштер бойынша құрбандық етін мұқтаж отбасыларға  мекенжайы  бойынша жеткізілді. Мәселен, айттың алғашқы күні 122 қой, 1 қара  мал құрбан шалынып, әрқайсысына 5-6 келі ет салынған 200 пакеттің 185-і мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1231531
Пікірлер

Көрші сілтемелер