Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҚО: Бас имам арнаға сұхбат берді - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 13:00 - 2020/06/30

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-06-30/31965-bko-bas-imam-arnaga-sukhbat-berdi


БҚО: Бас имам арнаға сұхбат берді - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
БҚО: Бас имам арнаға сұхбат берді

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қалалық мешінің бас имамы Қанат Жакенов облыстық «Ақжайық» телеарнасының «Руханият» бағдарламасының қонағы болып, дін мен дәстүр тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында аудандағы дін аясындағы өткір мәселелер талқыланды.

«Расында кез-келген адам өзінің діні мен дәстүрін жітік білуге міндетті. Дін мен дәстүр ылғи да бір болуы қажет. Оның біреуі сетіней бастаса, екіншісі де сетінейді. Кешегі кеңестік кезеңде бізді жетпіс жыл бойы дінімізден айырмақ болды. Соның салдарынан дәстүріміздің де шаңырағы шайқала бастады. Шаңырағы шайқалған ел діні мен дәстүріне бекем болмайды» деді Қанат Жакенов.

Бас имам сұхбатында ұлттық табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мәзһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру маңызды екенін атап өтті.

«Ұлт болашағы үшін бәріміз де күресуге тиістіміз. Ол күресті балабақша, мектептерден бастап жасағанымыз дұрыс. Сонда ғана біз ұрпағымызға ие бола аламыз. Ұрпағымызға ие болсақ, ұлт болашағына да ие боламыз» деді бас имам.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1210914
Пікірлер

Көрші сілтемелер