Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістан: 11 отбасыға көмек берілді - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 18:45 - 2020/06/29

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-06-29/31963-turkistan-11-otbasyga-komek-berildi


Түркістан: 11 отбасыға көмек берілді - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Түркістан: 11 отбасыға көмек берілді

Имамдардың ұйытқы болуымен мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, жақсылыққа жұмылдыру жалғасып келеді. Нәтижесінде қаншама қиналған отбасылар шарапатын көріп жатыр. Жамағаттың жылуы баспаналы болуға, тұрмысты түзеуге, азықсыз қалмауға жұмсалады.

Сондай жәрдемнің бірі шардаралық көпбалалы отбасыға да жетті. Оларға жаңадан салып жатқан үйдің шатырын жабуға қаржылай көмек көрсетілді. Орталық мешіт жамағатының атынан аудан имамы Асылхан Данияров 175 мың теңге қолма-қол жеткізіп берді.

Сондай-ақ, жамағат Талғат Болаттың ұйымдастыруымен "Өтеғұл" шағын-ауданының тұрғындары қайырымдылық шарасын атқарды. Асыраушысынан айырылған, тұрмысы төмен, кембағал мүшесі бар 10 отбасыға азық-түлік пен қаражат үлестірілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1210420
Пікірлер

Көрші сілтемелер