Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕ ҚҰДЫҚ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2020/06/29

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-06-29/31957-almaty-onirinde-kudyk-el-igiligine-berildi-foto


АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕ ҚҰДЫҚ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ (ФОТО) - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕ ҚҰДЫҚ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жыл мерейтойына орай «30 жылдыққа 30 игі шара» аясында Алматы облысы, Іле ауданының Жәпек батыр ауылында құдық қазылып, ел игілігіне берілді.

Игі шараға ҚМДБ-ның «Қайырымдылық және уақып істері» бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Наржанов, Іле ауданының бас имамы Тәңірбергентегі Дархан және дін жанашырлары қатысты.

Алғы сөзді бастаған Камалжан қажы Бекбосынұлы жиналған қауымға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, «Халық игілігіне шығарылған сумен қаншама адам шөлін қандырып, ғибадатын өтейді. Осы құдық суалып қалғанға дейінгі сауаптар амал дәптерлеріңізге жазылған болсын!» деп ықыласын білдірді.

Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы осы игі шараға белсенділік танытқан имамдар және демеушілерге алғысын айтып, Алматы өңірінде осындай игі шаралар жалғасатынын жеткізді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1210040
Пікірлер

Көрші сілтемелер