Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Хира үңгірі жанынан мәдени орталық ашылады - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 11:15 - 2020/06/28

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/world/2020-06-28/31950-khira-ungirinin-zhanynan-aukymdy-zhoba-kolga-alynady


Хира үңгірі жанынан мәдени орталық ашылады - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Хира үңгірі жанынан мәдени орталық ашылады

Қасиетті Мекке шаһарының басшылығы тарихи мәні мен маңызы зор Хира үңгірі орналасқан Нұр тауының етегінен мәдени орталықтың құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында Saudi Gazette ақпарат көзі мәлім етті.

Меккенің басшысы Мұхаммед әл-Кубайкас бұл бағыттағы жұмысты алдымен тау мен оның маңайын граффитиден, құбырлардан, жазулардан, т.б. тазартудан бастайтынын жария етті. Болашақ мәдени орталықта қасиетті Мекке қаласы мен Хира үңгірі туралы құжатталған шынайы ақпараттар мен деректер сақталады, жұртшылық назарына ұсынылады.

Хира үңгірі – исі мұсылман қастер тұтатын, қасиетті сапарға аттанған қажылар соқпай кетпейтін орынның бірі. Мұхаммед Мұстафа  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар болмай тұрып оңашаланған орын әрі пайғамбарлық миссиясы жүктелген үңгір. Нұр тауы қасиетті Қағбадан 4 шақырым алыста орналасқан. Таудың биіктігі – 640 метр. Шыңына жаяу көтерілуге екі сағаттай уақыт кетеді. Хира үңгірі таудың солтүстік-шығысында орналасқан.

Jabl-e-noor visitor center

 

Файл:Jabal Nur.JPG — Википедия

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1209529
Пікірлер

Көрші сілтемелер