Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Павлодар: Медресе ауласынан құдық қазылды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 15:45 - 2020/06/26

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2020-06-26/31940-pavlodar-medrese-aulasynan-kudyk-kazyldy


Павлодар: Медресе ауласынан құдық қазылды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Павлодар: Медресе ауласынан құдық қазылды

Павлодар облысының Павлодар ауылында орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ауласынан таза ауызсу құдығы қазылып, пайдалануға берілді. Аталған шара ҚМДБ-ның «30 жылдыққа 30 игі шара» қайырымдылық жобасы арқылы іске асты.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір сөзінде: «Кісі амалы өмірден өтумен үзіледі. Бірақ үш нәрсенің сауабы үзілмей соңынан келіп тұрады. Олар – пайдаға асырған ілімі, жақсы тәрбиелеген перзенті және соңынан қалдырған жария садақасы» - деген. 

Құдықтың іске қосылу шарасына Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің директоры Ислам Бейбітұлы, Павлодар ауылындағы «Қасым қажы» мешітінің бас имамы Ермек Сыздық  және ауыл тұрғындары мен медресе шәкірттері қатысты.

Сауапты іске осы ауылдың жомарт азаматтары мен кәсіпкерлері қолдау көрсетті. Енді бұл табиғи артезиан суы медресе шәкірттерінің қолданысына, ауланы абаттандыруға, жаз айларында құлшылық жасауға келген адамдардың пайдасына беріледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1208732
Пікірлер

Көрші сілтемелер