Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134495800958 %42 %

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды.



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 17:00 - 2019/10/11


Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани мешітіне жаңа бас имам тағайындалды.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті жұма намазына жиылған жамағатпен жүздесіп, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығын таныстырып өтті.

Елорда төріндегі еңселі мешіттің Бас имамдық қызметіне осы уақытқа дейін ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти қызметін атқарып келген Бауыржан Есмахан тағайындалды. Ал, бұған дейінгі бас имам Нұрлан Рамазанов «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы қызметіне ауысты.

Қос қызметкердің де қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі жайлы наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа қысқаша жеткізе келе, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі. Жамағат атынан Бауыржан Есмаханға алғыс білдіріп, ілтипат танытты. Мешіт көркі болған ақсақалдар қауымы да ақ баталарын беріп, жаңа бас имамға құттықтауларын жеткізді.

Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы

1975 жылы 7 маусымда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Мамандығы исламтанушы, заңгер. Шет тілдерінен орыс, араб және түрік тілдерін еркін меңгерген.

Білімі:

1992-1997 ж.ж. Түркия Республикасының Стамбұл муфтиятының медресесін тамамдаған.
2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

27.08.1997 – 20.08.1999 жылдары Павлодар қаласындағы Павлодар облыстық орталық мешітінің араб тілі пәнінің мұғалімі.

01.09.1999 – 24.12.1999 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық орталық мешітінің араб тілі пәнінің мұғалімі.

30.12.1999 – 11.04.2001 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық әкімдігінің діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі облыстық бөлімнің бас маманы.

11.04.2001 – 09.07.2002 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл-имамы, Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық орталық мешітінің бас имамы.

21.08.2002 – 01.12.2002 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық әкімдігінің діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі облыстық бөлімнің бас маманы.

05.01.2003 – 01.04.2005 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық ішкі саясат департаментінің саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен байланыстар бөлімінің бас маманы.

01.04.2005 – 16.10.2005 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе мешіті» ҚҚ директорының консультанты.

17.10.2005 – 13.06.2006 жылдары жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық ішкі саясат департаментінің саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен байланыстар бөлімінің бас маманы.

14.06.2006 – 17.01.2007 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе мешіті» ҚҚ директорының орынбасары.

17.01.2007 – 19.05.2011 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл-имамы, Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» орталық мешітінің бас имамы.

27.06.2008 – 19.05.2011 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» медресесінің директоры.

21.07.2011 – 06.09.2011 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарғалы ауданындағы бас маманы.

06.09.2011 – 11.01.2012 жылдары ҚР Дін істер агенттігінің Ақтөбе облысындағы Дін істері департаментінің бас маманы, директор міндетін атқарушы.

11.01.2012 – 01.07.2013 жылдары ҚР Дін істер агенттігінің Ақтөбе облысындағы Дін істері департаментінің директоры.

01.07.2013 – 11.01.2017 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы.

12.01.2017 - 15.02.2017 ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы.

15.12.2017 жылдан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, Наиб мүфти болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары, құрмет дәрежесі:

2008 жылы «Шапағат» медалімен марапатталған.
2001 жылы «Қазақстан республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалдармен марапатталған.

Үйленген: 4 баласы бар.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1058773
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Хайуанды қамшымен ғана 6 min
Текелідегі мектепте қай 6 min
Рамазан қарсаңындағы мұ 6 min
Қазақстанның агроөнеркә 6 min
Қостанай облысындағы 30 16 min
Бағдат Манзоровтың ісін 16 min
СҚО полицейлері із-түзс 23 min
Алматы тауында жоғалған 26 min
Қайғы-қасiреттi бастан 26 min
«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ И 26 min
«Хабар 24» арнасының ті 26 min
Тоқаев «CNPC» корпораци 26 min
Елорда әкімдігі мектепт 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Халықаралық додада Ержа 1 sagt
Ақмола облысы мен Оңтүс 1 sagt
БАҚЫТТЫ БОЛУ... Біз сі 1 sagt
Егер сіз тек ақша үшін 1 sagt
Италия Қазақстан эконом 1 sagt
Алматыдан 41 км қашықты 1 sagt
Мадияр Әшкеевке жекпе-ж 1 sagt
Қазақстандық медициналы 1 sagt
ҚР Президенті «CNPC» ба 1 sagt
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТ 1 sagt
«Арманыңнан қалма»: Ерж 1 sagt
«ҚазАгро» холдингінің т 1 sagt
Ақтауда жаңажылдық шырш 1 sagt
Назарбаев әл-Фараби аты 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
14 қарашада Нұр-Сұлтан 1 sagt