Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-237823143 %57 %

«ИМАМҒА ҚҰРМЕТ – ҰСТАЗҒА ІЗЕТ»



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:30 - 2019/10/10


«ИМАМҒА ҚҰРМЕТ – ҰСТАЗҒА ІЗЕТ

Жуырда ҚМДБжанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты «Ниет» қорының қолдауымен ұстаздар күні аясында «Имамға құрмет – ұстазға ізет» атты іс-шарасын өткізді.

Мерекелік іс-шара барысында Ислам институтына 2 айға білімі мен біліктілігін көтеруге  келген имамдарға сый-сияпаттартабысталды.

Ислам институты директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы:

«Ислам институтының басшылығы, ұстаздары мен барша қызметкерлері жан-жақтан оқуға келген имамдарымызға аянбай қызмет етеміз. Имамдарымыз ең алдымен білімін арттырудан өзге нәрсеге көңіл бөлмеуі керек. 2 ай бойы ілімін толықтыруы тиіс. Себебі, ықылас болмаса, білім дарымайды, демек, тақуалығы артпайды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген имамдарымыз алған білімдерін өз жамағаттарымен бөлісіп, дәстүрлі ислам дінінің нығаюына үлес қосуына сеніміміз мол.     

ҚМДБ қызметкерлері ислам дінін халыққа түсіндіру жұмыстарымен ғана емес, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осыған орай, имамдарымыздың ізгі еңбектерін бағалайық деген оймен «Ниет» қорының қолдауымен сыйлықтар жасап отырмыз. Алдағы уақытта бұл жоба тұрақты түрде жүзеге аса бермек» - деп атап өтті.

Сый-сияпаттарды үлестіру шарасынан кейін имамдар дастархан басында бас қосып, халқымыздың бірлігі, дініміздің  көркеюі үшін бата жасады. 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1058098
Пікірлер

Көрші сілтемелер