Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-237723043 %57 %

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ АНКАРАДА УАҚЫП ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:45 - 2019/10/04


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ АНКАРАДА УАҚЫП ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Анкарада Түркия дін істері басқармасына қарасты Уақып бас директоры Мехмет Сауаж Поатпен кездесті.

Кездесуге Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Іс басқарушы Ербосын Орын, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Уақып директоры делегация мүшелеріне игі жобалары мен ізгі істері жайлы баяндап берді. Уақып білім жолындағы азаматтарға, мешіттің игі істеріне, мұқтаж отбасыларға, әлемдегі қайырымдылыққа зәру мұсылмандарға, жалпы адамдарға көмек көрсетіп келеді екен. ҚМДБ қызметерлеріне көрсетілген шағын бейнероликте Уақыптың жұмысы баяндалды.

Өз кезегінде Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Уақып және қайырымдылық бөлімі ашылғанын жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық байланыс аясын кеңейтуді ұсынды. Уақып өкілдері бұл ұсынысты қабыл алып, қолдау көрсетуге ниеттестік танытты.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жобалардың жоспарын талқылап, өзара келісімге келді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1055886
Пікірлер

Көрші сілтемелер