Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-14966289247 %53 %

ҚМДБ: АНКАРА УНИВЕРСИТЕТІМЕН ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС АРТАДЫ (ФОТО)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2019/10/03


ҚМДБ: АНКАРА УНИВЕРСИТЕТІМЕН ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС АРТАДЫ (ФОТО)

Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов бастаған қазақстандық делегация Анкара университеті теология факультетінің деканы, профессор, доктор Ысмайыл Хаккы Үнал мырзамен кездесті.

Кездесуге ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Басқосуда факультет деканы оқу ордасының білім жүйесімен таныстырып, ҚМДБ қызметкерлерінің көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді. Тараптар жан-жақты білім алған, тәрбелі, мәдениетті, иманды, отаншыл, бірлік пен игіліктің насихатшылары болатын жастар қатарын арттырудың жолдары мен жоспарын талқылады.

Кездесу соңында тараптар білім саласы бойынша екіжақты әріптестік байланысты арттыруға келісім жасады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1055359
Пікірлер

Көрші сілтемелер